«Жыр
–менің жалғыз тарланым,
жанымды
жырмен жалғадым»
«Бір
ел - бір кітап» акциясы аясында поэзия
патшайымы,ақын
Фариза
Оңғарсынованың «Дауа» кітабына орай
әдеби-сазды
жыр кеші.
Мақсаты:
«Бір
ел - бір кітап» аясына поэзия патшайымы,ақын
Фариза Оңғарсынованың «Дауа» кітабына
орай оның шығармалары арқылы ұрпақты
тұрақтылыққа, жасампаздықтан аулақ
болуға, өлеңмен өнерге адал болуға,
халқын қалтқысыз сүюге, отанын құрметтеуге,
тілімен дәстүрін шексіз дәріптеуге,
адамгершіліктің туын биік ұстауға,
парасатты болуға тәрбиелеу.
- Кешке орай «Дауа» слайд-шоу таныстырылымы және «Сөз –сарайым қазақтың даласында» кітап көрмесі:
- «Жасадың жасауыңды жақұт жырдан»
- (ақын шығармалары);
- «Көрген емес жанымды жасқап елім»
- (туған жер және тарихи тұлғалар)
- «Ақындық-бір биік шың» (Ана, Жер - Ана, рухтық жырлар)
- «Ән – арман, ғашық – арман,қыз-бозбала, шырқап қал, шарықтап қал жас шағыңда »(махаббат лирикасы)
Жүргізуші:
Армысыздар кітапхана оқырмандары, жыр
сүйер тыңдармандар!
«Бір
ел - бір кітап» аясында ұсынылған поэзия
патшайымы,ақын Фариза Оңғарсынованың
«Дауа» кітабына орай«Жыр
–менің жалғыз тарланым,жанымды жырмен
жалғадым»
әдеби-сазды жыр кешіне хош келдіңіздер!
Фариза
Оңғарсынова есімін естігенде жыр сүйер
қауымның бір елеңдемей қалғаны болған
емес. Поэзияға келумен оның көркемдік
әлемінен ойып алудың арасы жер мен
көктей. Мұның біріншісі – бірталай
қаламгерлердің еншісі болғанмен, ал
екіншісі – сирек те болса шынайы
таланттардың заңды ырыс-несібесі,
ақындық тағдыры сыйлайтын бәсіре –
бағы, өзіне тиесілі сыбағасы. Фариза
ақынның поэзиялық-көркемдік әлеміне
мейлінше ден қойғанынды, өте-мөте
сүйетіндігіңді бүгіп қалу еш мүмкін
емес. Фариза ақынның мына бір жырына
қөз жіберсек:
Жыр
– Менің жалғыз тарланым,
Аялап
өтер ардағым,
Талықсып
атар таңдарым
Айымдай
жалқы арман үн,- дейді.
Армысыңдар,
бауырлар, бармысыңдар!
Ағаларым
– асқар тау қарлы шыңдар.
Жеңгелерім
– жанымның жайлауы еді
Інілерім
– шым болат шалғысыңдар.
Сіңлі,
келін – періште тілеулесім,
Барлығың
да әйтеуір бармысыңдар?!
Бар
болыңдар,
Сендер
болсаң, туардай іркіт күнім,
Қашар
менің жанымнан сылтып мұңым.
Мен
сендердің шөлдегі бір түп гүлің,
Сендер
барда самғайды бүркіт-жырым.
Сендер
барда сезбеймін, сездірмеймін
Иығымның,
жанымның жыртықтығын
Тағдырыма
жазылмай кемел несіп,
Жалғыздықтың
бейнетін келем кешіп.
Шыбын
жаным шырқырап, ертеңгі күн,
Не
болар деп ел деген ерен бесік.
Менде
арман жоқ – алдымда тілек тілеп.
Сендер
жүрсең, қаумалап, елеңдесіп,
Сендер
барда жырым бар, қаным да бар
Желбірейтін
туым бар, тағым да бар
Жүдеп
жүрсем, жігер бер, жалынға мал!
Арқа
тірер жалғанда сендер барда
Өзім
кетсем мұңдылау әнім қалар. – дегендей
, бүгінгі кеште біз ақын Фаризаның
жалынды жырларымен, нәзік сезімге толы
сырларымен сырласамыз деген ойдамыз.
- «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан ақын Ф.Оңғарсынованың дауысын тыңдау.
Жүргізуші
:Фариза - өз
жырын жүрегімен сезгенін, адам табиғатынан
байқағанын сыршылдықпен сидырып,
адамның алуан сезімдері мен сәттерін,
өмір құбылыстарын өз жүрегінің дүрсілімен
бере білетін ақын.. Оның жырлары –
көлеңкеге күйініп тұрып өмірді қысы-жазы,
күз-көктеммен қоса, тұтас сүйе білетін,
соны шынайы түсініп, шындық күйінде
жырлай білетін ақын жүрегінің жырға
құндақтаулы асқақ сезімі.
- Бәрін де татып келемін-
- Осы екен бақыт дегенің!- дегендей ақынның бақыты да осы арқылы ғана еншілеулі.
О,
туған жер, кеңпейіл, құшағың кең,
Саған көңіл бұлқынар
күш-ағынмен.
Сағынышымды қанат
қып саған қарай
Балапандай талпынып
ұшамын мен.
- Алақаны анамның – топырағың,
- Сендік махаббатымның оты жалын.
- Сені қалай сүюдің керектігін
- Мен ешқандай кітаптан оқымадым.
- Сенде тас та қастерлі, аспан да алау,
- Сенде жанды тербетер дастан бар-ау.
- Менің мынау өмірге құштарлығым
- Сені жақсы көруден басталған-ау.
- Кешір ме сен,
- Жат қылықпен жаныңды жараласам,
- Бар сырымды бүкпесіз саған ашам.
- Мен ел кезіп кетермін отансыздай,
- Үмітіңді ақтауға жарамасам .- деп жырлаған ақындық қуат, құдірет-күшпен дүниенің о шеті мен бұ шетін, өткені мен кеткенін, келер болашағын, жоғалтқаны мен тапқанын жіті барлап отырар Фариза Оңғарсынованың сахнасы – дала, кейіпкерлері – оның сан тарау тағдырлы адамдары. Мұнан Сарыарқаның сайын даласын да, кербез сұлу Көкшенің көркін де, Маңғыстау маңғаздарын да; құрыш білек еңбекшіні де, тұлғасымен айбын-айбар берген қаламдас ағаны да табасыз. Сәйгүлігі жұлдыздай аққан, майда керімсалы соққан дала, аққанат киіз үйі, әженің қошқар мүйіз өрнекті текеметі, ақ жаулықты жеңеше, бірге өскен дос-жаран – бәр-бәрін қоссаңыз – дала понамарасын көрер едіңіз, оның бүкіл бояу-байлығын, психологиялық бітімін, тыныс тіршілігін, жан дүние қозғалысын шиыршық атқан динамикалық тағдырлар қозғалысын сезіне түсер едіңіз. Ақын үшін дала – кеңдіктің, еркіндіктің, адалдықтың, кемеңгерліктің, мейірімнің бесігі.
- Мен төменде тұрсам да,
- Қияларға тігер жанарда мұң тұна қалмай
- Астаң-кестең боп кеттім жыр құрағандай!
- Тентектеу көңілім тынатын емес-ау енді
- Сонау заңғардың басынан бір құлап алмай!..
- Енді ақын өлеңдеріне кезек берелік:
- « Мен бір қызық адаммын: ..» - оқитын .............................
- («Дауа» жыр кітабынан - 11бет)
- Жүргізуші : Бабалар мұрасы бір халықтың ғана мұрасы емес, ол жүректері ниеттері бір Қазақстан халқының асыл көмбесі. Фариза ақын халық өткен ұлы жол көшінің керуенін «Бұқар жыраудың Абылайға айтқанымен», «Абылайдың Бұқарға айтқан жауабымен», «Бұқардың үнімен», «Бұқардың екінші сөзі», «Абылайдың жауабы», «Ақан серінің мұңы» «Бүгінгі көрініспен» береді. Бұл не? Бұл – қазақ даласы. Әр сөз жылнаманың әр беті, әр суреті, әр дәуірі, зар-заманы. Кешегі дала зары – бүгінгі Қазақстан. .
- Поэзия дегенің – халық қаны,
- Қасіреті, мұрасы, жарық таңы;
- Ол-
- Сезімнің оралмас мөлдірлігі,
- уақыт шаңын бойына дарытпады.
- Жыр – таңбадай қасиет халықтағы,
- Ақын – заман, дәуірдің алыптары,
- Ұрпақтардың, ортаның шын сенімі-
- Ақынның шабыт нәрі. – деген Фариза ақынның жырлаған шабытты отаншылдық сезімі қуатты. Өз Қазақстанын жырлаудың өзіндік белгісін тапқан.
- «Қазақтың батырлары» (256б) оқитын:.................................................
- «Менің пірім, тірегім,тұғырым да..» (134б) оқитын.................................
- «Тағдыр жайлы, ел жайлы, қаза жайлы,..» оқитын ................................
- ЖүргізушІ : Фариза үшін даланың жөні бөлек. Кіндік қаны далада тамып,маңдайын күн қарып, табанына шөңге кіріп өскен ақын үшін ел ерекше ыстық, ерекше жақын. Жусан иісі бұрқыраған даланы сағынуарқылы, ақын сол даланың адамдарын, өзен-көлдерін, құм-бұйраттарын, селеулері мен сексеуілдерін, маң-маң басқан нарлары мен күміс қанат сәйгүліктерін сағынады.
- Қырға кеткім келіп тұр бүгін менің!
- Жүрек-әлсіз, жүйке қыл, түрімде –мұң.
- Бір емдесе емдейді жанымды тек,
- Саумал сүттің иісі бар іңірлерім.
- ...Қырға барсам арылып мың күнәдан,
- Сағыныштың шықтарын іркіп алам.
- Жермен бірге мәңгілік қалатындай,
- Қаным таза, тілім мен жұртым аман.
- Сарайымды ащщы бір, іңірлерім
- Тезек иісі, жылқы иісі бұрқыраған. – деп жырлайды.Өмір қандай шындық болса, Фариза поэзиясы сол боямасыз шындықтың көркем көшірмесі. Далада туған, даланың саумал ауасын арда емген адамдар ғана осылай жырлай алса керек.
- Ай қабағы күлімдеп,сұлу жеңгей,
- Қояр емес дүниенің мұңын жеңбей.
- Өзі тұрған мәуелі бір бәйтерек,
- Ошағының маңайы рулы елдей
- Әйел деген -.адамзат, түсін, ұғын
- Бар кеуденің салмағын арқалаған
- Жер секілді бір өзі кішігірім!
- Әйелді, оның ұлылығын, Аналық құдіретін «Кішігірім жерге» теңеген Ақын қызымыз да сол Ұлы әйелдер көшін бастап жүрген тұлға.
- Ақынның «Киіз үй» өлеңі(98бет) ,оқитын............................................
- «Жаулықтар» (94б) өлеңі оқитын.........................................................
- Жүргізуші: Ақын Фариза : «Поэзия –адам сезімінің айнасы,ол адамзатты поэзияға тән белгісіз жұмбақ күш пен сезімнің алуан түрлі рахатына бөлейді; жақсы көру, жек көру, сүйсіну, қуану, мұңға бату – мұның бәрі тұтас алғанда адам жанының табиғи нәрі, рахат сәттері. Өйткені мұңның да, қуаныштың да өзіндік ләззәты бар. Бір сөзбен айтқанда, сезінуге, сезім шалқарлығына тәбиелейді, адам жүрегінің кез келген қарабайыр құбылысқа үн қоса бермейтін нәзік қылына жан бітіреді. Поэзияның жұмбақ керемет күші, міне осында!» - деп жазды «Шашы ағарған қыз» атты кітабында.
- «Отан деген не?»-дейсің ұлым, маған.
- Ол –сенің ғұмырлы анаң.
- Жөргегіңнен жаныңа сіңіп қалған
- Ән мен жырың , балаң!
- Отан – мынау өз үйің, қар жаным,
- Ойнаған дала, бағың.
- Атаң шыққан бұл үйден, әкең шыққан,
- Өске мұнда баяғы бабаларың.
- Ақынның Отан, әке, ана, бала туралы өлеңдеріне құлақ түрелік , қадірлі оқырман :
- «Ертегі елестері»(96 б) оқитын:.............................................................
- «Ағалар» (196б) оқитын..........................................................................
- «Бала» (263б) оқитын.............................................................................
- Жандар қанша күлкісі де шектеулі,
- Біледі олар тасадан көсектеуді.
- Жан ашырлық, түгілі, ондайлардың
- Кіммен сөлемдесуі – есептеулі.
Енді ақынның достық туралы жазған «Жүрегімнің келеді жорамалы» (166б) өлеңін тыңдайық ,оқитын:......................................................................
«Жігіттерге»
(126б)
оқитын............................................................................
Жүргізуші:
Әдебиеттің
ірі классигі
Әбділда
Тәжібаев «Абай бастаған ұлы ақындары
бар елде қыздан шыққан Фаризасы болуда
қазақ елі үшін керемет жарасым. Мен осы
жарасымды көргеніме бақыттымын» деген
екен.
«...Қазақ
поэзиясының алыбы Мұқағалидың көрегендігі
қаршығадай қыздың қайсар мінезді
өлеңдерінен үміт күткенінде. Мұқағали
бұрын-соңды Фаризаны танымаған, білмеген.
Бірақ, әдеби ортаның бұ қызды жатсынып,
маңайлатқысы келмеген тас қамалын ақиық
ақын тас-талқан етіп бұзып берді. Мұқағали
отырғандарға бірауыз сөз ғана айтыпты
сол жолы. «Сағи, сен сөзді қой. Осы бәріңді
басып озады түбі, көрерсің...» Бұл сөздің
иесі Мұқағали екенін Фариза қыз білмеді
де. Бейтаныс, өзіне жат тұлғаны алғаш
рет осылай көрген. Мұнан соң көрген де,
сөйлескен де емес. Тіпті оның Мұқағали
екенін де сол жолы ұға қоймаған Бәлкім
Мұқағалидың Фаризаны жақын білуі қажет
те емес болар. Өзінің жан әлеміне бір
сырлы образ қалыптастырып, өлеңмен хат
жазған болар ұлы ақын. Фариза өлеңдеріндегі
кесек мінезге азамат болып бас иген
болар ұлы ақын.» (Р.Мұқанова . Өлең-тағдыр
.-//Егемен Қазақстан. -2008-7 наурыз)
Енді
ақынның «Абайды
іздеу»
өлеңі,
оқитын....................................................
«Мақатаев
туралы
жыр»оқитын..........................................................................
Мұқағали
Мақатаевтың «Фаризаға»
әнін тыңдау ,орындайтын
.................................................................................................................................
Жүргізуші :
Жерлесіміз, ақын, көсемсөзші Мейірхан
Ақдәулетұлы: «...ой-санаңды билеп алып,
семіз құл етуге жанын салып жатқанның
алдарқатқанын жақсылық деп... адаса
бастаған жастарға, кешегісін ұмытып,
керенау тартқан өз халқына деген сенімі
мен үмітінен ажырап, рухани алжуға
бұрылған кейбір үлкендерге... сол Фариза
әлемі – жан мен рух туберкулезін емдейтін
поэзия жазбай табысып, жанында болғай»
деген. Осындай бейшаралық пен
пендешіліктен жоғары тұратын рухы күшті
Фариза поэзиясының рухани игілігі
ретінде ««Оян,
ар мен адалдық»
(118б)өлеңіне
кезек
берелік:оқитын..............................................................
Жүргізуші:
Ақын поэзиясындағы лирикалық кейіпкері
кім? Ол «қыз-тағдыр, қыз-ғұмырды, қыз
сезім, қыз-намысты» беріле жырлайды. Әр
қыздың, әйелдің басынан өтерліктей
тылсымды сәтті өрнектеп, нәзік жандардың
шынайы сезімін, махаббат тұрақтылығын
өз басынан кешкендей етіп, кейіпкерін
аһ ұрғызады. Бір өкініш, бір арманды,
опасыз жалғанды суреткерлік шеберлікпен
бейнелейді.
Қыздар, алтын
қақпалы қазына ма ең,
Өкпесін де кешіргіш,
назы да кем.
Жаны жүдеп ойлайтын
бар ұл қамын
Қыз жанындай бар ма
екен нәзік әлем?! – деп, саясатқа да,
қоғамдық өмірге де араласушы қайраткер
де қыз деген түйін тастайды. Қыз-әйел-анаға
үлкен әлеуметтік ой салмағын жүктейді.
Ақын Фариза
адамгершілік, махаббат сезімі туралы
өлеңдері ән болып қалықтады, жыр болып
төгілді, Ендеше ақынның «Махаббатсыз,
сезімсіз көңіл жетім» өлеңін
тыңдаңыздар,
оқитын.........................................................
...Сезім –
тұл. Күш жоқ кернеген,
- Өртенуге де аз шамам.
- Ғашық боп жүргендерге мен
- Немкетті жүзбен көз салам –деп махаббат лирикасындағы кезекті әндерге берелік :
Ақынның
өлеңдерінің сөзіне жазылған әндер:
- «Жайықтың толқындары» ,«Жақсы көру» орындайтын....................................................................................................
Тамара Асар мен Ақылбек
Жеменейдің орындауында айтылып жүрген,
ақынның сөзіне жазылған Табылды
Досымовтың «Қыз махаббаты» әні немесе
« Мен саған ғашық емес ем», Ұнатамын мен
сені» әндері орындалады.
- «Атыңдар ақ таңдарым», «Тебіреніс» өлеңдері оқитын
- .......................................................................................................................... Жүргізуші : Ақынды түсіну үшін өлеңдерін түсініп оқу, сол арқылы оның жанын шынайы табиғатын сезіне білу. Оның шынайы табиғи өрлік пен биіктік, тазалығын көрдік. Сондықтан да ақын Фариза ұлы Абаймен, Махамбетпен, Мұқағалимен бауырлас, ауылдас.
- Өзінің «Үшқара» деген өлеңінде ғажап рухты қозғады:
- Мен туған үш ауыл бар бұл далада
- Тұрады бір-біреуі мың қалағаа
- Қарауыл, Қарауылкелді, Қарасазым,-
- Мен үшін үшеуі де құндақ –ана.
- Қарауыл- Абайымның бесік елі,
- Елім деп еңірегкен есіл ері.
- Қарауылкелдісі бар Махамбеттің
- Қарасаз – Мұқаң арман кешіп еді... деп жырлаған қазақтың дарынды ақыны, мемлекетіміздің, қоғамымыздың көрнекті қайраткері Фариза таланты танылған , бүкіл поэзиясы махаббат пен сезімнің дүниетанымдық қарым-қатынас көркем суреттен тұрады.
- Фариза Поэзия есігін киелі санады, оны өзінің бас тағдырына балады. Ақын өлеңді, өлең Ақынды аялады. Сол өлең ғұмыр Фаризаны қазақ елінің Еңлікгүліне айналдырды.
- «Өлең мен сені, аялап өтем» оқитын ............................................
- Роза Әлқожаның «Фариза» әнін тыңдаңыздар !
Бүгінгі
кеште ақын Фаризаның аққанат жырымен
сусындап, «Бір ел-бір кітап» акциясында
ұсынылған «Дауа» жинағын оқып, жанымызға
дауа, көңілімізге демеу, «Болаттай
қайсар, гүлдей нәзік сезімдерді
«Дауадан» таптық деген ойдамыз. Бүгінгі
жыр-кешінде белсенділік танытқан
оқырмандарға, Б.Тәжібаев атындағы
балалар музыка мектебінің ұжымына
ризашылығымды білдіреміз! Әрқашанда
бірге болайық!
Комментариев нет:
Отправить комментарий