Құрметті оқырман!
«Зула,
менің жыр-күймем,шабыт жегіп,
жер бетіне
ғұмырлы жарық беріп...» - деп жырлаған
ақын Фариза Оңғарсынованың «ДАУА»
өлеңдер кітабы 2013 жылы
елімізде «Бір ел- бір кітап» акциясы
бойынша оқуға таңдалды.
«...Қазақ поэзиясының алыбы Мұқағалидың
көрегендігі қаршығадай қыздың қайсар мінезді өлеңдерінен үміт күткенінде.
Мұқағали бұрын-соңды Фаризаны танымаған, білмеген. Бірақ, әдеби ортаның бұ
қызды жатсынып, маңайлатқысы келмеген тас қамалын ақиық ақын тас-талқан етіп
бұзып берді. Мұқағали отырғандарға бірауыз сөз ғана айтыпты сол жолы. «Сағи,
сен сөзді қой. Осы бәріңді басып озады түбі, көрерсің...» Бұл сөздің иесі
Мұқағали екенін Фариза қыз білмеді де. Бейтаныс, өзіне жат тұлғаны алғаш рет
осылай көрген. Мұнан соң көрген де, сөйлескен де емес. Тіпті оның Мұқағали
екенін де сол жолы ұға қоймаған. Бәлкім Мұқағалидың Фаризаны жақын білуі қажет
те емес болар. Өзінің жан әлеміне бір сырлы образ қалыптастырып, өлеңмен хат
жазған болар ұлы ақын. Фариза өлеңдеріндегі кесек мінезге азамат болып бас иген
болар ұлы ақын.» (Р.Мұқанова .
Өлең-тағдыр .-//Егемен Қазақстан. -2008-7 наурыз)
Қадірлі
оқырман!
Жыр көгіндегі жұлдыз –
Фариза ақынның жырларынан -
өңіріміздің көсемсөзшісі, ақын Мейірхан Ақдаулетұлы : «...Бәңгі бола
жаздаған қоғамнан күні кеше шығып, әлі ес жиып, етек жауып үлгермеген сәби
мінез халқымызға ұлттық идеология іздеп жатқан алмағайып заманда қазіргі
жас-кәрінің бәріне қажет мұраның бірі, бірегейі – Фаризаның поэтикалық әлемі, ол сомдаған ұлттық
лирикалық кейіпкердің асқақ, қайсар, намысты, текті бейнесі» - деп айтқандай
ақын Фариза Оңғарсынқызының өмірі мен шығармашылығын білгіңіз келсе, аудандық
орталық кітапхана кітап қоры негізінде
жасақталған «Жыр тамған жүрек» атты
әдеби көрсеткіші , Сізге көмектеседі!
Өлең
Өлең
-
- Дара күндерімнің,
- Нала түндерімнің
- Серігі болғаның үшін
- Сенімі болғаның үшін
- Мені сені аялаймын.
- Біреудің пасықтығынан,
- Біреудің жасыл мұңынан
- Жүрегім сыздаған кезде,
- Жаным мұздаған кезде
- Мені сені саялаймын.
- Біреудің күлкісін көріп,
- Бақыттың түр-түсін көріп,
- Шаттанып қалған шағымда,
- Жеткендей арман-сағымға
- Қуаныштан дірілдеп денем,
- Алдыңа күлімдеп келем.
- Ажалмен айқасқан сәтте
- Қыршын жас көз ілгенін көріп,
- Өткінші сезімдерді көріп,
- Кешегі «доспын» дегеннің,
- Минутта жерінгенін көріп,
- Кімнен өшімді аларымды білмей,
- Кімдерге кінә тағарымды білмей,
- Алдыңа лапылдап келем,
- Жарылуға жақындап келем.
- Өмірдің өткелдерін
- Қиындық көп көргеніммен,
- Өртеніп от басқаныммен,
- Өзіңмен қоштаспадым мен.
- Күлкімді, жайлы күнімді,
- Азапты қайғы-мұңымды
- Өзіммен бөліскенің үшін,
- Қатем мен жеңістерім үшін,
- Менің мынау қиындау
- Тағдырым болып
- О баста көріскенің үшін,
- Өлең, мен сені аялап өтем!
- 1974.
жаксы
ОтветитьУдалитьблог жаксы
ОтветитьУдалить