Ақын шығармашылығы хақында


       Поэзияның дүлдүлі, прозаның шебері  Фариза ақын шығармашылығы хақында                     

   «...Мен ақын Фаризаны бүгінгі поэзиямыздың ең жоғары сатысында тұрған замандастарымен қарайлас биікте көремін.
         «Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезде, кешегі досының бүгін жерінгенін көргенде, шын ақынның жарылып ктердей болған кезінде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, сырласы, атар оғы, берер дәрі-дауасы – поэзия болмақ-ты»
                                                                                                                    Ғабит Мүсірепов
***
         «Фаризада халықтық рух бар, ол – елімен бірге, қазағынан бөлінбейтін ақын.  Оның тілі жүйрік, өткірлігі мен тапқырлығы, қанағаттығы, бәрімізді де қызықтыратын, қуантатын ақын.»
Әбділда Тәжібаев
***
          «Фариза Оңғарсынова  - поэзияда да, проза да тұяғы мұқалмаған хас дүлдүл.»
«... енді заманымыздың заңғар ақыны Фаризаны Оңғарсынованы алар болсақ... Поэзиясы – шың. Прозасы – сол шыңды тіреп тұрған шоқылар.»
       «Фариза прозасындағы эссе – қара сөз дегені болмаса, баяғы сол есіліп тұрған поэзия»
                                                                 Шерхан Мұртаза
***
      «Фариза поэзиясында сезім мен рух үнемі үйлесім тауып, қандай тақырыпты да үлкен биікке көтеріп әкетеді. Ол сондықтан да өзгеше қуатқа ие.
         «Фариза шығармашылығының лейтмотиві –ақынның бастан кешкен өмірнамасы, өз жүрек құпиясы, қуаныш-қайғысы.»
         «Фариза поэзиясындағы мәрт мінез бен ірілік, өрлік пафосында жоғарыдағыдай ой ағысын құрайтын-үзілмей өріліп отыратын поэтикалық-философиялық тұғырнама тіні бар»
                                                       Есенбай Дүйсенбай
***
     «Фаризаның үздіксіз биіктеген Өлең әлеміне әр қайта оралған сайын, өнердің, поэзияның «пайғамбардан сәл төмен, патшалардан көп жоғары» екеніне тағы бір көз жеткізгендей боласың.»
        «...Фариза  әдебиет дейтін ұлық әлемге келгелі оның туа дегдар, туа асқақ, жарты түйір жасанды бояуы жоқ, биік рух пен өршіл намысқа толы өлеңдері дүниеден сәуле іздей қазақ санасына берік ұялап, халық кеудесінің төрінен орын тапты.»
     «Бәңгі бола жаздаған қоғамнан күні кеше шығып, әлі ес жиып, етек жауып үлгермеген сәби мінез халқымызға ұлттық идеология іздеп жатқан алмағайып заманда қазіргі жас-кәрінің бәріне қажет мұраның бірі, бірегейі – Фаризанаң  поэтикалық әлемі, ол сомдаған ұлттық лирикалық кейіпкердің асқақ, қайсар, намысты, текті бейнесі»
                                                      Мейірхан Ақдәулетұлы
***
        «Фариза Оңғарсынова поэзиясы қазақ оқырмандарының жүрегін жаулап алды, өз тілінің  шеңберінде қалып  қоймай, біздің елімізден тыс жерлерде де мәлім болды.Қазір оның өлеңдері көп ұлтты поэтикалық байлығымыздың бір бөлігі екеніне мен сенемін»
                                                          
Сергей Баруздин
***
          Фариза Оңғарсынова – азамат болып ашынуды, пенде болып мұңдануды, перзент болып тебіреніп, періште болып қуануды қаз-қалпында жеткізе алатын асак сирек лирик.                                                                                    
                                                                         Әбіш Кекілбайұлы

Комментариев нет:

Отправить комментарий