Ақын Фариза Оңғарсынқызы 1939 жылы 5 желтоқсанда Атырау облысы Махамбет ауданы, Манаш ауылында
дүниеге келді. 1961 жылы Атырау педагогикалық институтын бітірді. 1961-1966
жылдары орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директор қызметтерін
жасады. 1966-1970 жылдары Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінде
әдеби қызметкер, «Лениншіл жас» (қазіргі
«Жас алаш») газетінің Ақтөбе, Атырау, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі, 1970-78 жылдары
«Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінің редактоы, 1978-2000 жылдары «Пионер»
(қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы, 2000-2004 жж ҚР мәжілісінің
депутаты болды. Шығармалары 1958 жылдан
бастап жариялана бастады, тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық
көрді. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы
магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар» , «Қарғыс»,
«Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары,
«Үйім менің –Отаным», «Маңғыстау монологтары», «революция және мен» өлең
топтамаларының авторы.Көптеген шығармалары шетел тілдеріне аударылған. Чили ақыны
Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.Блоктың «Нәпсі»,
«Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең
топтамаларын, сондай-ақ армян ақыны С.Б.Капутикаянның орыс ақындары
Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің
жекеленген шығармаларын қазақ тіліне аударған. 1984 жылы Қазақстан КП Орталық
Комитеті мен Қазақ ССР Министрлер Советінің қаулысы бойынша «Үйім менің
–Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдер топтамалары
үшін Фариза Оңғарсынқызы «Қазақстан
Мемлекеттік сыйлықтың иегері» атанды, сонымен бірге осы жылы КСРО Комсомол комитеті, Қазақстан Жоғарғы Комитетінің
Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Еліміз Тәуелсіздік туын
көтеріп, мемлекет болған тұста де тек әдебиет шығармашылығымен ғана емес, ақын
Фариза Оңғарсынқызы жас мемлекет құндылықтарын қалыптастырып, оның тұрақты
қуат алуына белсене араласты. Бірнеше рет Парламент депутаттығына сайланды, еліміздіе өркениет талаптарына сай
заңдық құқықтық кеңістік қалыптасуына жанашырлықпен, біліктілікпен,
ұлтжандылықпен үлес қосты. 2001
жылы ҚР «Парасат», «Құрмет» белгісі
ордендерімен, медалдарымен марапатталды.
Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, халық жазушысы Ф.Оңғарсынованы 2009 жылы Баталист және маринист жазушылардың
халықаралық қауымдастығы қазақ әдебиетіне
және әлем әдебиетіне сіңірген еңбегіне
үшін Констатин Симонов атындағы сыйлыққа лайық деп тауып, алтын медаль
тапсырса, Ресей жазушылар
одағы, Мәскеу облыстық ұйымының
басқармасы және «Московия литературная»
газетінің редакциялық-баспалық Кеңесінің
шешімімен «Алтын Есенин» медаліне ие болып, әлем таныған ақын атанды.
Комментариев нет:
Отправить комментарий